ШҰҒЫЛ! Қауіпті ойыншықтар Толығырақ

Жас келсе - іске

14:13, 19 шілде 2019

Еліміз бойынша ауылдарды гүлдендіру, көтеру ісіне бағытталған әрі жастарды туған жерінде тұрақтандыруда сәтімен жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарлама бар. Ол - «Дипломмен – ауылға». Аса қажетті кадр тапшылығын жою мәселесіне облыс барынша көңіл аударып отыр. Енді осы тақырыпты тілшілеріміздің мына сюжеті жалғастырады. «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы жұмыс іздеген арнайы білімді жастарға қолайлы. Соңғы үш жылда Ұлан аудандық орталық ауруханасына 34 жас маман келді. Қазіргі таңда 10 дәрігер, 24 орта арнаулы медицина қызметкерлері бар. Сондай жас маманның бірі - жалпы тәжірибелік дәрігер Біржан Қалибеков.Егер сіз осы бағдарлама  бойынша жұмысқа тұруға ниет білдірсеңіз, көтерме жәрдемақы және бюджеттік пайызсыз несие түрінде баспана алуға мүмкіндігіңіз бар. Бюджетті несие 15 жылға беріледі. Мемлекет басымдылық берген бұл жоба арқылы медицина, білім беру және мәдениет салаларына білікті, білімді жас мамандар келіп жатыр. Олар бүгінде ауылды көркейтуге өз үлестерін қосуда.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар