ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

ЖАС ДӘРІГЕРЛЕРГЕ КӨТЕРМЕ АҚЫ

17:37, 4 желтоқсан 2018

Ана мен бала орталығының жас мамандары көтерме ақы алды. Дәрігерлерге материалдық көмекті Шығыс Қазақстанның медициналық мекемелеріне көптен бері қолдау көрсетіп келе жатқан «Қазмырыш» компаниясы ұсынды. Көтерме ақы алған мамандар тар шеңберлі қызмет атқарады. Облыстық денсаулық сақтау жүйесі үшін жас мамандардың орта толтыруы өте маңызды. Сонымен қатар барлық жас мамандарға бюджеттен тыс қаражатқа тұрғын үй жалдамасы төленеді. Биыл «Қазмырыш» компаниясы Ана мен бала орталығына жаңа туған баланың патологиясын ерте анықтауға мүмкіндік беретін офтальмологиялық аппарат алып берді. Бүгінгі таңда көптеген жас мамандар өз біліктіліктерін шетелде арттыруда. Бұл ретте «Қазмырыш» та қол ұшын созуда. Компания өкілдерінің айтуынша, заманауи шетелдік тәжірибені игерген дәрігерлер әлдеқайда озық жұмыс істейтін болады.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар