ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Жарманың жаңа келбеті

14:18, 20 тамыз 2019

Елбасы бастамасымен жастардың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған шаралар Республикада жиі өткізіліп жатыр. Солардың бірі - «Дипломмен ауылға» бағдарламасы. Бұл ауқымды жоба жастарды жұмыспен қамту мен тәжірибе жинақтауға көмектесуге бағытталған. Арна тілшілері жастары жарқыраған Жарма ауданына барып қайтты.Жарма аудынында жастар қызмет ететін сала көп. Кәсіпкерлер, мәдениет қызметкерлері, мұғалімдер, дәрігерлер мен спортшылардың едәуір бөлігін жастар құрайды. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеушілердің 30 пайызы – жастар. Сондай  жас маманның бірі – . Оның мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жүргеніне 3 жылдан асты. Қаладағы Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін, туған ауылына оралып, «Туған жеріне» ту тігеді. Бүгінде аудандық Ішкі саясат б  өлімінде бас маман болып қызмет атқарады.Қалбатау ауылының Мәдениет үйінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген Жандос Қалижаров жұмыс істейді. Оның мәдениет саласында жүргеніне осымен 3 жыл.Мектеп бітіре сала, аудандық әкімдік оқуына қолдау көрсетіп, флейта аспабын меңгеруге жіберді.  Сол уақытта өнердің қыр-сырына қаныққан ол ауылға келе сала флейташылар мектебін ашты.Жарма ауданында жастарға арнап өткізілетін іс-шаралар орта буынды да қызықтырмай қоймайды – дейді жастар ресурстық орталығының маманы.Айта кету керек, Жарма ауданы ауылға жұмыс істеуге келген жастарды жұмыспен ғана емес, баспанамен де қамтамасыз етіп отыр. Бұл да олар үшін үлкен көмек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар