ШҰҒЫЛ! ҒАЖАЙЫП ТАРИХИ КЕШЕН Толығырақ

ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ

14:54, 9 тамыз 2018

2015 жылдың 5-қаңтарынан облыстық Достық үйінің атауы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгерді. Көптеген игі іс-шараларды жүзеге асыруда өңірлік қоғамдық келісім үйі топ жарып, үнемі көш басында тұрады. Татулық пен ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жасаушы. Қоғамдық келісім орталығы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде өзіндік үлесін қосуда. Ассамблея жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар бірлестігі соған дәлел. Облыс аумағында, студенттер, мектеп оқушыларының басын қосып, түрлі мәдени, танымдық шаралар ұйымдастырады. Алдағы уақытта облыс жастарының басын қосып, ортақ іске жұмылдырған «Жаңғыру жолының» республика, облыс, аудан көлемінде филиалдары, штабтары ашылады деді ұйым мүшелері.

РАВИЛЬ ЮНУСОВ, «ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» ЖАСТАР ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Ұлтаралық келісім Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саясатының негізгі басым бағыты болып табылады. Біз ШҚО жастары оның саясатын толық қолдаймыз. 2018 жылы Ассамблея жанынан «Жаңғыру жолы» құрылды. Сәуір айында мені басшысы етіп сайлады. Біз іс-шаралар ұйымдастырып, дөңгелек үстел, көшпелі іс-шаралар, флешмоб, кездесулер өткіземіз. Міне, жақында «Ұлы дала елінің қасиетті мұрасы» республикалық акциясы Шығыс Қазақстан облысында өткізілді. Аталмыш акцияның негізгі бағыты облыс аумағындағы қасиетті жерлерді аралау болғандықтан, жастармен бірге киелі орындарға сапар шектік. Атап айтсақ, Жидебайдағы Абай мұражайын, Аягөздегі Ақбауырды араладық». 

 

 

АРАЙЛЫМ НЫҒМЕТОЛЛАҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар