Жаңбырдан су деңгейі көтерілуі мүмкін

21:26, 20 сәуір 2017

Жақын тәуліктерде облыстың кей өзендерінде су деңгейі көтеріледі деп болжайды синоптик-мамандар.

Синоптиктердің болжауынша, сәуірдің үшінші он күндігінде Шығыс Қазақстанда күн жауын-шашынды болады. Секундына 15-20 метр қатты жел соғады. Ауа температурасы түнде -3 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 5-13 градус жылы болады. Мамандар «мұндай климаттық жағдай көктемгі су тасқыны қаупін төндіреді» дейді. Сондай-ақ «Қазгидромет» «жақын тәуліктерде жаңбырдың салдарынан су деңгейі көтеріліп, су  басу қаупі бар» дейді. Қатердің алдын-алу үшін жедел штаб құрылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
14:45, 18 қазан 2017
Шемонаиха ауданының экономикасы тұрақты
Толығырақ...