ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ЖАҢА ЖЫЛҒА ШАШУ

13:58, 14 наурыз 2019

«Бір мектеп бар аралас, қазақ пен орыс балаларының білімнен шамшырағын жаққан. Өскеменнің Күленов атындағы кентінде орналасқан №42 орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар өтіп жатыр» дейді біздің тілшілер. Енді сол көріністі назарларыңызға ұсынамыз. Аралас мектептің өз мәселесі бар. Біртілді мектептермен салыстырғанда, мұнда білім беру жүйесі де күрделі. Бірақ көштен қалып жатқан жоқ. Керісінше, заманауи технологиямен барынша жабдықталып, заман талабына сай шәкірт тәрбиелеп отырған Өскемендегі №42 мектепте оқушылар қатарын келешекте толықтыратын даярлық тобы - шағын орталық бар. Алты жасқа толмаған балғындар зерек. Мұнда тоғызқұмалақ, шахмат, теннис сияқты ой-сананы жаттықтырар ойындар жақсы жолға қойылды. Бір қызығы, орыс балалары тоғызқұмалаққа құмар екен. Мектеп ұжымы оқушыларды табиғат аясына шығарып, туған жер тарихымен таныстырып тұрады. Сонымен қатар тілдік мәнерді дамытуда да өзгелерден кем емес. Өз ойын ашық айтуға баулитын дебаттарға қатысатын шәкірт саны өскен. Ұстаздар білімін жетілдіруде атқарылып жатқан жұмыстар айтарлықтай дәрежеде. Басты тұлғаның ролі қашанда жоғары болуы тиіс. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Өскеменнің Күленов атындағы кентіндегі №42 орта мектепте көптеген шаралар өтіп тұрады. Бірі фестиваль ретінде, енді бірі тәрбиелік мәнді көрме негізінде өтеді. Рухани жаңғыру бұл - рухани қазына. Бала бойында рухты, намыс пен адамгершілікті дамыту жолында барынша еңбек етіп жатырмыз» дейді сөз арасында тәрбие ісі жөніндегі жетекші Галина Нарбинова. Наурыздан Наурызға дейінгі аралықта мектептің жеткен жетістіктері сараланады. Мерекені лайықты қарсы алу осылайша дәстүрге айналған.

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілді
13:30, 17 мамыр 2019
Мемлекеттік тілді білу деңгейі тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі
13:30, 15 мамыр 2019
Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқының бәйтерегі
Толығырақ...