ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МЕКЕН-ЖАЙ Толығырақ

Жаңа жүлде

14:02, 31 қазан 2019

Бүкіләлемдік әскери ойындарда алтын медаль жеңіп алған  Ольга Рыпакова бүгін Өскеменге келді. Әуежайдан түсе сала, спортшыны жақындары мен БАҚ өкілдері қарсы алды. VII Бүкіләлемдік әскери ойындар қазанның 18-27 аралығында Қытайдың Ухань қаласында өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған  спортшылар сайысы оңай болмады. Жерлесіміздің қарсыластары да өз елінің үмітін арқалап келген мықтылар. Алайда, топтан бөлініп, өзгеден оза шапқан қазақстандық жеңіл атлет Әлем чемпионатында жіберіп алған есесін қайтарды. Бұл жолы үш рет секіру кезеңінде 14.19 метр биіктікті бағындырып, әріптестерінен басым түсті. Қанжығасын алтынмен майлап келген спортшы Бүкіләлемдік ойыннан алған әсерімен бөлісті. Бүкіләлемдік әскери ойындарға биыл 109 мемлекеттен 9300-ден аса әскери келді. Байрақты дода спорттың 27 түрі, 329 дисциплина болды. Сайыс қорытындысы бойынша күміс орынды 13.78 метр көрсеткішімен Оттавия Цестонаро, қола медальді Люсия Хосе Тима алды. Оның нәтижесі 13.54 метр. Енді спортшы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына дайындықты бастайды.   

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар