ШҰҒЫЛ! Саябақтар ашылды Толығырақ

Жаңа жоспар

16:35, 12 ақпан 2020

Ағымдағы жылдың 5-ші ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Ұлттық комиссия отырысында 2020 жылға арналған "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Осы орайда республиканың әрбір өңірінде бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстар барысы нақтыланды. Шығыс Қазақстан облысындағы «Рухани жаңғыру» орталығы мамандары берілген тапсырмаға сай шаралар легі пысықталуда.

 Биылғы жоспар  ұлттық бірегейлік және прагматизм сынды идеологиялық құндылықтарды насихаттау бағытында жұмыс істейді. Бұрынғыдай емес, ұзын-сонар шаралардың саны да қысқарған.  Жаңа жоспар үш бағытта жүзеге асыруды көздейді. Жеке даму, ұлттық бірегейлік пен халықаралық таныстырылым және мемлекеттің, азаматтық қоғам мен жергілікті қоғамдастықтардың дамуы. Сол себепті осы бағыттарды насихаттау үшін түкпірдегі ауылдарды, мемлекеттік мекемелерді аралап, халыққа ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуді басты мақсат етіп отырмыз дейді аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Мәдениет Медеуханқызы.

Биыл бағдарлама аясында отбасылық құндылықтарды дәріптеп, дәстүрлі музыканы насихаттайтын жобалар да іске аспақ.  Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Шалқар Рысхановтың айтуынша, бұл жолғы жоспарда ұлттық өнер мен ұлттық құндылықтарға аса мән берілген.
Айта кету керек, «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының биылғы жоспарында іс-шаралар саны былтырға қарағанда екі есе қысқарған. Бағдарламаны  жүзеге асыруға жұмсалатын қаржы мөлшері  40 пайызға азайтылды. 122 бөлімнен тұратын жаңа жоспар әзірленді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар