ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Жаңа жәрдемақы тағайындалады

14:33, 8 қазан 2019

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек заңы аясында тағы бір жәрдемақы тағайындалады. Бұл жәрдемақыны көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар және материалдық жағдайы төмен отбасылар алады. Аталған заң қаңтар айының бірінен бастап күшіне енеді. Қаңтар айынан бастап берілетін жаңа жәрдемақыны шығысқазақстандық 20 мыңнан астам отбасы алады – деп, тізім де жасалып қойған. Оның алты мыңнан астамы көп балалы отбасылар. Материалдық аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға әлеуметтік пакет те тағайындалады. Онда тегін ыстық тамақ, мектеп формасы мен жолақысы да қарастырылған. Жыл басында тағайындалған атаулы көмек билікті біраз әбігерге түсірген. Кіріс жеткілікті болса да жасырып немесе атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін жұмыстан шығып, тіпті кейбір отбасылардың сот арқылы жасанды ажырасып алғандары да бар.  Ал бұл жолғы берілетін көмекке табысты растап қажет емес. Ол көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың барлығына тиесілі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар