ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

ЖАҢА ЗАҢДА ОЛҚЫЛЫҚТАР БАР

21:00, 28 қараша 2019

Бүгін мәжілісте 1 жылдан астам талқыланған мұғалім мәртебесі туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Білім және ғылым министрлігі ұсынған құжатқа депутаттар бірқатар өзгерістер де енгізді. Сонымен ұстаздарымыз енді қоғамдық, әлеуметтік жұмыстарға мәжбүрлі түрде тартыла ма? Олардың жалақылары өсе ме? Оңғар Алпысбайұлы айтсын.Халық санағын жүргізетін, сайлауда жүгіретін, тіпті, көше тазалығына да араласатын мұғалім. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұстаздар қауымын мұндай жөнсіз жұмыстардан арашалап, жүктемелерін азайтуды, таусылмайтын тексерулерді тоқтатуды тапсырған болатын. Осыны ретке келтіру мақсатында жасалған заң жобасымен танысып шыққан депутаттар жаңа құжат негізгі мақсатын орындайтынына күмәнданып қалды. Асхат Аймағамбетов олқылықтар келесі оқылымға дейін шешілетінін айтты. Ұстаздар үшін тағы да жақсы жаңалық бар. Енді олардың жалақылары елеулі өсетін болды. Министрдің мәліметінше "ананша пайызға арттырамыз деп айқайлатып айтып, ішіндегі бір бөлігін еселейтін" көзбояушылық болмайды. Мәжіліс спикері бұған дейін мұғалімдер қауымымен кездесіп, мәселелерін өз ауыздарынан естіген. Қойған сұрақтарының ішінде күнделік кз бар. Ондағы кей ақпарат ата аналарға ақылы түрде беріледі екен. Нұрлан Нығматулин Білім және ғылым министріне мәселені анықтап, жуық арада шешуге тапсырма берді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар