ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Жаңа оқу жылына дайындық

13:53, 16 тамыз 2019

Облыстық білім басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын бастады. 2019-2020 оқу жылында облыс аумағындағы 600-ден астам мектепте 193 мыңнан астам оқушы білім алады.  21 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады деп жоспарланған.Облыста 61 364 баланы қамтитын 800 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Солардың 671-і мемлекеттік, ал 129-ы жеке меншік иелікте. 1-сыныпқа баратын баланы мектепке беру туралы өтініштер электронды портал арқылы қабылданады. Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан 33 мыңнан астам баланы «Мектепке жол» акциясы аясында мектепке дайындау жоспарлануда. Бүгінде 143 мың балаға 156 млн 741 мың теңгеге бюджеттік және бюджеттен тыс көмек көрсетілді. Жалпыға міндетті білім беру қорынан көрсетілген көмектің орны ерекше.Биылғы оқу жылында 4, 9, 10-сынып оқушылары жаңа бағдарламалар бойынша оқытылады. Ал келесі жылы жаңартылған білім беру мазмұнына  толық көшу аяқталады. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Сатып алынған кітаптар саны 1 млн 58 мың 730 дана. Жаңартылған білім мазмұнына көшуге байланысты оқу үрдісіне жаңа талаптар қойылады.Биыл облыс мектептеріне 237 жас маман қабылданды. Жалпы мұғалімдер саны - 22 526.  307 ауылдық жерде мектеп жоқ. Осыған байланысты 3698 бала  көрші ауылдарға тасымалданады. Бұл үшін 163 мектеп автобустары жұмыс істейді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар