ШҰҒЫЛ! Жүйелі ақпарат заманы Толығырақ

Жаңа нысандар бой көтереді

14:00, 4 қараша 2019

Зайсан қаласында абаттандыру шаралары қарқынды жүзеге асырылуда. Қала ішілік жолдар күрделі жөндеуден өткізіліп, қоғамдық демалыс орындары жаңа келбетке енуде. Ағымдағы жылы құрылысы басталған «Арбатты» пайдалануға беру жоспарда бар. Сонымен қатар, алдағы уақытта аудан орталығында бірнеше нысан бой көтереді. Жылдағы игі дәстүрге сәйкес Зайсан қаласында абаттандыру, көгалдандыру шаралары қарқынды жүзеге асырылып келеді.  Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес сенбі күндері тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Орталық алаңда архитектуралық композициялармен толығып, ойын алаңдары, қоғамдық-мәдени демалыс орындары да бой көтеруде. «Арбаттың» жалпы құрылыс жұмыстарыда басталып кетті. Жоспарға сәйкес мұнда тың бастамалар қолға алынып, тозығы жетіп, қозғалыс қиындаған қалаішілк жолдарды күрделі жөндеуден өткіуге 23 млн.теңге қаражат бөлініп, жолдар жөнделді. Зайсан қаласында құрылыс жұмыстары мұнымен тоқтап қалмақ емес. Тұрғындардың өмір сапасын арттыру әрі баспанамен қамтылу мәселесін түбегейлі шешу мақсатында 30 пәтерлі жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Аталған баспанадан ең алдымен көп балалы аналарға, тұрмысы төмен отбасыларға пәтер беру жоспарлануда. Мердігерлердің сөзіне сүйенсек нысанды уақытынан кешіктірмей тапсыру басты мақсатқа айналды. Қаланы көріктендіру шаралары әліде жалғаспақ. Көп ұзамай аталған елді мекенде «Мұрат Дәуленов атындағы мектеп-интернатына» қарасты жаңа ғимарат бой көтереді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар