ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

17:28, 17 қазан 2018

Жақын арада Бұқтырма су қоймасы маңында туризм саласын дамыту көзделген. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Зырян ауданы активімен кездесуінде айтты. Шығыс Қазақстан өңірінде Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауының алты бағытын жүзеге асыру жоспары құрылып, орындалу мерзімі айқындалды. Жиын барысында облыс әкімі Даниал Ахметов Зырян ауданында туризм саласын дамытып, туристердің еркін демалуына барлық жағдайды жасау мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Сол бағыттардың бірі - Бұқтырма су қоймасы жағалауын туристік орталыққа айналдыру жұмысы. Зырян ауданында кәсіпкерлік саласының аяқ алысы жаман емес. Өңдеуші сектордың дайын өнімдерін әлемдік нарыққа экспорттау мәселесі актив жиналысында көтерілді. Отандық кәсіпкерлерді қолдап, әлем нарығына шығуға «Жол картасы 2020» бағдарламасы септігін тигізбек. Мемлекет басшысының осы кейінгі Жолдауында баяндалған тапсырмалардың орындалуы ел дамуына жаңа серпін беретінін қатысушылар бірауыздан атап өтті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар