ШҰҒЫЛ! СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС Толығырақ

Жаңа мешіт ашылды

13:49, 13 қаңтар 2020

Аягөз ауданының Тарбағатай ауылында жаңа мешіт бой көтерді. Жарты жылға жуық құрылыс жұмыстары жүргізілген нысан қаңтар айында толық жөнделіп бітті. Енді тарбағатайлықтардың иманын одан әрі берік ететін киелі орын бар. Қарапайым халық қуанышын қойнына сыйдыра алмауда. Себебі, көптен күткен Құдай үйіне кіруге асық. Ауыл адамдары мен құрметті қонақтар жиылып, бір-біріне құтты болсын айтуда. Иә, айтылған сөздің жаны да мәні де бар. Иман нұры себілген мекенде мезгілсіз жамандық орнамайтындай көрінеді. Солай екені де хақ. Азанның дауысы естілген жерде адам азғындыққа бармас. Бірлігі жарасқан ауыл азаматтарының игі ісі бұл ғана емес. Биыл ғана Тарбағатай ауылының жастары бірігіп, көпбалалы анаға үй салып берді. Оған қоса, басқа да қайырымды істерден қапы қалмайды. Соның бірі осы тұсауы кесілген мешіт ғимараты. Біссімілләсін айтып, оң аяқпен аттап ырымдап кірді тұрғындар. Көңілде толқыныс пен жүрекжарды қуаныш араласқан сезім. Міне, ең маңызды сәт те туды. Жүкті жұмыла көтеретін ауыл тұрғындары намаз оқуға сап түзеп, уағыз тыңдады. Мешіттің сырты ғана емес, іші де көз тартатындай көмкерілген. Әдемі оюлар, ашық түстер Құдай үйіне деген құрмет пен ниеттің дәлелі. Келген қонақ таңданысын жеткізіп, жылы лебізін жасырып қалмады. Ғимарат жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындардың күшімен салынған. Мешітте қызмет ететін имамның жалақысы мен баспанасын да тарбағатайлықтар өз қолдарына алған. Жаңа мешіт құрылысы жүргізілгенге дейін ескі мешіт зиярат орны болды. Бүгінде оның қабырғасы мен едені ескіріп, суық тартқан. Дегенмен, енді ауылда құбыласы тең, жамағаты азаймайтын еңсесі биік мешіт бар.

Тақырып бойынша материалдар

ТРАМВАЙ ЖЕЛІЛЕРІ МЕН ЖОЛДАРДЫ ЖАҢАРТУ
14:41, 28 қыркүйек 2020
ТРАМВАЙ ЖЕЛІЛЕРІ МЕН ЖОЛДАРДЫ ЖАҢАРТУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ
18:06, 23 қыркүйек 2020
ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ
Толығырақ...