ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

ЖАҢА МЕКЕН-ЖАЙ

14:22, 13 қараша 2019

Өскемендегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы мекен-жайын өзгертті. Мемлекеттік мекемеде  көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін алу мен тестілеу сияқты қызметтер көрсетіледі. Жаңа ғимарат Гавань шағын ауданында, Абай даңғылы, 203/3 мекен-жайлары бойынша жұмыс істейді. Арнайы ғимаратта мемлекеттік қызметке арналған19 терезе жұмыс істейді. Оның төртеуі – жүргізуші куәлігін беретін, қалған 14-і көлікті тіркеуге арналған секторлар. Сонымен қатар нысанда күту залы, өзіне қызмет көрсету бөлімі, жүргізуші куәлігін алуға тестілеу бөлмесі мен 50-ден астам көлік сиятын автотұрақ бар. Естеріңізге салсақ, мекеменің бұрынғы ғимараты Сәтпаев көшесінде орналасқан еді, яғни,  тұрған жері ыңғайсыз болатын. Ғимарат тар, халық сыймады. Кісінің көптігінен  мекеме сыртында сағаттап кезек күтуге тура келетін. Ал, жаңа ғимарат халықтың көңілінен қаншалықты шықты? Халыққа қызмет көрсету орталығы дүйсенбі мен сенбі аралығында таңғы сағат тоғыздан кешкі сегізге дейін ашық. Үзіліс жоқ. Демалыс күні – жексенбі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар