ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕАРНА МЕРЕЙТОЙЫ Толығырақ

ЖАҢА КӨРМЕ

18:46, 15 мамыр 2018

Сол жағалау музей-қорығы кешеніндегі «Жібек жолы» бөлімінің «Император сарайында» жаңа көрме алаңы ашылды. Алаңда «Заманауи Қытай мәдениеті» атты фотоэкспозиция ұсынылды.

Көрмеде танымал фотографтар түсірген Қытай пейзажы, ерекше нысандар және сәні жағынан таң қалдырарлық, қиын да қисапсыз ұлттық билердің суреттері ұсынылды. Мұнымен қатар аспанасты еліне ғана тән «Көлеңке» театры өнер көрсетті.

СТАНИСЛАВ ЦУКУРЕНКО, ШҚО СӘУЛЕТ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ЛАНДШАФТЫ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНЫҢ ЭТНОЛОГЫ:

«Бұл Қытайдың мәдени өмірін көрсететін көрме. Қытайдың тәжірибелі фотографтары түсірген суреттерде түрлі опера және балет сахналары, музыкалық шығармалар, жергілікті дәстүрлер сипатталған».

«Заманауи Қытай мәдениеті» көрмесі 1 қарашаға дейін жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, жыл көлемінде экспозиция жаңа жәдігерлермен толықтырылады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар