ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

ЖАН ЖЫЛУЫ

15:09, 5 желтоқсан 2018

Қазақстан халқының 10 пайызын мүмкіндігі шектеулі жандар құрайды. Мемлекеттің әлеуметтік көмегін алатындар саны әсіресе, үлкен елді мекендер мен қалаларда тұрады. Ал Шығыс Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар саны артып келеді. Себеп неде? Қандай да бір уәж айтудан мамандар да шарасыз. Айдана Дайырова айтсын. Айзар Чабиевтің жасы 8-де. Егіздің сыңары. Туабітті омыртқасы мен басында ақауы болған. Бірнеше рет ота да жасалды. Диагнозы -гидроцефалия. Дәрігерлер енді Айзардың аяғына ота жасамақ. Ол үшін баланың сүйегі қатаюы керек. Айзарға мұғалімдер мен әлеуметттік қызметкерлер үйге кеп көмек көрсетеді. Егізі Ділназ да қолы қалт етсе кітап оқып береді. Айзардың отбасында 5 бала. Ата-анасы 70 мың теңгеге пәтер жалдап тұрады. Ал отағасының еңбекақысы небәрі 60 мың теңге. Бір үйлі жан балалардың әлеуметтік көмекақысына күн көріп отыр. Шығыс Қазақстанда Айзар сынды 700-ге жуық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Мамандардың айтуынша, ерекше балалар саны біртіндеп артып барады. Күнделікті көмек көрсеткеннің өзінде кейбір бала үш жылда оңала бастаса, кейбірінің денсаулығы 5 жылда ғана нәтиже береді. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек баршылық. Десе де ерекше баласының ахуалын айтып, ах ұратын ата-ана саны артып барады.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар