ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ЖАЛТАРҒАНДАР ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН ҚҰТЫЛМАЙДЫ

18:06, 22 қыркүйек 2020

Борышынан жалтарғандар жауапкершіліктен құтыла алмайды. Өңірде алимент пен әкімшілік айыппұлды төлемей жүргендер жетерлік. Өскеменде берешегі бар тұрғындардан айыппұлды өндіріп алу үшін өкілетті органдардың бірлесуімен жедел алдын алу шарасы өтуде. Тек бір күннің ішінде полицейлер борышкерлерден 4 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алды. Көлік ағынын сканерлейтін арнайы құрылғы көмегімен мамандар, тіпті, автокөлікті тәркілеп жатыр. Мына көлік иесінің 90 мың теңге берешегі бар. Арнайы құрылғының назарына іліккен  машина лезде тоқтатылып, айыппұл тұрағына жөнелтілді. Иесі айыппұлын өтемейінше, көлік сол жерде қалады. Дәл осы сценарий барлық борышкерлер үшін қайталануы мүмкін. Себебі, айыппұлды өтемей жалтарып жүргендер көп. Бірі әкімшілік жауапкершілікті ескермей, енді бірі жол ережелерін бұзған. Алиментін өтемей жүргендер қаншама?! Енді, міне, құрамында полиция қызметкерлері, сот орындаушылар және Әділет департаменті мамандары бар мобильді топ Өскемен көшелерінде тұрақты түрде рейд жүргізуде. Мамандар борышкерлерді көлік ағынын автоматты бақылайтын жүйе арқылы электронды планшеттермен анықтап жатыр. Рейд басталғаннан бері жалпы көлемі 4 миллион теңгеден астатын 400-ге жуық әкімшілік қаулы шығарылды. Жедел алдын алу шарасы апта соңына дейін жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар