ШҰҒЫЛ! Қалаға шығу және кіру шектелді Толығырақ

Жалдамалы үй мәселесі

15:31, 20 ақпан 2020

Өскеменнің іргесіндегі Шығыс ауылындағы «Нұрлы көш» бағдарламасымен 10 жыл бұрын салынған 456 жалға берілген үйдің бүгінде хәлі мүлде мүшкіл» деп редакциямызға жергілікті тұрғындар жүгінді. Ескі еден мен қирағалы тұрған қабырға тұрғындардың зәресін алған.

«Құрылыс материалдары сапасыз» деп ауыл тұрғындары қоныс аударғанда-ақ дабыл қаққан-ды. Алайда, құрылысқа жауапты компаниялармен сот ісі тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін ғана басталды.  Бірақ, бар кемшіліктерді жойғаннан кейін де шағымдар легі азайған емес. «Түйткілдің түйіні тарқамай тұр» дейді шарасыз тұрғындар.

Жалға беру шарты бойынша қоныс иелері өздерінің үйлерін өздері күтіп, лайықты қалыпқа  келтіруі тиіс. «Егер үйлер апатты деп танылса, онда комиссия тұрғын үйді қалыпты  жағдайға келтіру жөнінде ұсыныс білдіреді»,- деп мәлімдеді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы.

Шығыс кентінің тұрғындары үйлердің техникалық жағдайы мен құрылыс сапасын толық тексеруді талап етіп отыр. Фархат Жілібаевтың  айтуынша, бұл үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, бюджеттік өтінім әзірленуде.

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
22:07, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
16:14, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
14:15, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...