ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

ЖАЙДАРМАН

17:37, 4 желтоқсан 2018

Өскеменде Жоғары лига ойындарының финалы өтті. Ақтық мәреде барлығы 5 команда өнер көрсетіп, өзара бақ сынасты. Тұңғыш Президент күніне орай, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған шара қазақ тілді жастардың беделін көтеруге бағытталды. Тартысты ойын жайында әріптесім - толығырақ. Бұл жайдарман өзге жайдарманнан өзгерек. Қазақ тілінде сөйлейтін жастардың беделді бейнесін қалыптастыру мақсатында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен өткен ойында көтерілген тақырыптар да алуан түрлі. Туризм, медицина, жаңа әліпби, білім, қазақ поэзиясы, жемқорлық, тағысын тағылар. Барлығын дөп басып, өзекті мәселелерді барынша аша білді. Расында да, жайдарман қашан да өзінің жеңіл тілімен, өткір әзілдерімен талайлардың жүрегін жаулап алған ойын. Ерекше қасиеті мен жастар ойыны бұл жолы да көрермендерінің көңілінен шықты. Айта кету керек, финал тек сахна төріндегі ойыншылар ойнымен шектелмеді. Әр команда көрермендермен интерактивті байланыс орнатып, қазылардың өзін ойынға тартты. Сонысымен болар, финал көрігі қызып, бәсеке тартысты өтті. Сахна иелері – өскемендік «Қамажай» командасы бұл ойынға бір ай дайындалыпты. Тақырып мағыналы, әзіл өзекті болуы тиіс. Міне, енді, жұмыстарының жемісін де көрді. Бірінші орынға шығып, төртінші мәрте чемпион атанып отыр. Гран-приді «Қамажай» ұтып алса, вице-чемпион атағын катонқарағайлық «Швейцария» командасы иеленді. Үшінші орынды семейлік «Әуезов құрамасы» мен Абай ауданының «Сәлем» командасы өзара бөлісті. «Жайдарманға» қатысып жүргеніне үш жыл болған сәлемдіктер еш мойымайтындықтарын айтады. Керісінше, келер жылға күш жинап, ізденетіндіктерін жеткізді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданыс аясын кеңейтуге әр команданың қосып отырған үлесі орасан. Бұл ойында ешкім құр қалмады. Әр командаға облыстық тілдерді дамыту басқармасының арнайы дипломдары мен ақшалай сыйлықтары тарту етілді. Ал жеңімпаз команда енді Өскемен намысын Астана қаласында өтетін маусымашар фестивалінде қорғамақ.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар