ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Жағажайдағы өлім

14:10, 19 тамыз 2019

Облыста суға шомылу маусымында 33 адам қаза тапқан. Олардың 5-уі балалар. Су қоймаларындағы өлім санының көбеюіне байланысты құтқарушылар акция өткізді. Акция қалалық жағажайларда «Өлім» бейнесін елестетті.«Өлім» Ертіспен қиғашынан жүзіп, азаматтарды өзіне шақыруда. Міне осындай бейнемен құтқарушылар су қоймаларындағы проблемаларға назар аудартты. Идеяны сәтті шықты. Себебі, демалушылардың басым көпшілігінің еңсесі түсіңкі болды. Құтқарушылар жағажайды спирттік ішімдіктерге сылқия тойып алып демалғанды ұнататындар мен жабдықталмаған жерлерде суға түсетіндерді баса назарға алды. Департамент қызметкерлерінің айтуынша, өлім костюмді кейіпте болса да адамдардың жадында қалады. Осы арқылы су қоймаларындағы өлім санын азайтамыз деген үміттеміз. Сондай-ақ акция барысында өскемендіктерге қауіпсіздік ережелері туралы парақтар таратылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар