ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗІРГІ АХУАЛ Толығырақ

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ

12:54, 30 қазан 2020

Облыс полицейлері Риддер қаласында тұратын зейнеткер әжейге жоғалтып алған қомақты қаражатын қайтарып берді. Қазір аталған іске қатысты «Ұрлық» фактісі бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 41 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны күдікті деп танылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 4 тармағы бойынша күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына жеткізілді. Оқиға былай болған. Риддер қаласының 65 жастағы тұрғыны үйінен ақшасы жоғалғанын айтып, жергілікті полиция бөліміне жүгінген. Бірнеше тәулік бойғы іздестіру жұмыстарының нәтижесінде істің жай-жапсары белгілі болды. Анықталғандай, күдікті деп танылған жұмыссыз қала тұрғыны үй иесі жоқта баспанаға кіріп, шетел валютасымен сақталған 18 млн ақшаға толы қап пен басқа да бағалы заттарды алып кеткен. Күдікті қолға түскенге дейін қаржының біраз бөлігін жұмсап та үлгеріпті.

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...