ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ЗЕЙНЕТАҚЫ РЕФОРМАСЫ

14:13, 15 қыркүйек 2020

Келесі жылдан бастап қазақстандықтар өздерінің зейнетақы қорындағы жинағының белгілі бір бөлігін жұмсай алады.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің есебінше 720 мыңға жуық азамат осы мүмкіндікке ие болады. Дегенмен, мұнда да ескеретін жайттар бар. Зейнетақы жинағының бөлігін алу бойынша нақты шаралар әлі бекітілген жоқ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл тараптағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп сендіріп отыр. Алайда, әу дегенде бұл жаңалық тұрғындардың көбін елең еткізгені рас. Алғашқы күндері БЖЗҚ-ның сайты мүлде істемей қалса, филиалдар алдында өз мәртебесін білуге келгендерден ұзынсонар кезек пайда болған. Ресми деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың 6%-і ғана жинақтарының бөлігін шешіп ала алады. Оларға жеке шоттарында жеткілікті деңгей сомасынан асырып жинағандар жатады. Әр жас санатына түрлі талаптар. Мәселен, алдын ала есеп бойынша, 30 жастағы азаматтар үшін «жеткіліктілік шегі»  2 млн 518 мыңды құрайды. Ал, 35 жасқа толғандардың шотында 3 млн.теңге болу керек. Қырық жаста болса 3,5 млн, 45 жас үшін 4 млн., 55те 5 млн.-нан аса, 59 және одан асқандарда 5,5 млн.теңге болуы шарт. Қолына қордағы қаржысын алып, пайдасына жарату – әр азаматтың арманы боп жүрген шығар. Бірақ, барлығы ойлағандай жеңіл емес. Қолма қол ақшаны ешкім бермейді. БЖЗҚ-дағы қаржыны бір ғана операторға, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне табыстайды. Сол себепті, банкте есепшот ашу керек. Сонда ғана зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсай алады. Мысалы, баспана алуға. Сарапшылардың айтуынша, қордағы қаржыны жұмсауға қатысты жаңалық азаматтардың қуантқанымен, оны шешіп алуда салық мөлшерін ұстап қалу қуаныштарын су сепкендей басты.  Экономистерді алаңдатқан тағы бір мәселе «жеткіліктілік шегі». Мамандар қаржылық талаптарды әлі де жеңілдету керектігін айтады. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар