ШҰҒЫЛ! ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ Толығырақ

Заңсыз әрекет әшкерленді

14:57, 22 мамыр 2020

18 мамырдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жаңа форматқа көшкен еді. Өзгерістерге сәйкес өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары алынып тасталған болатын. Салдарынан мемлекеттік қызмет түрлері  Халыққа қызмет көрсету орталықтарында емес, е-gov электронды Үкімет порталы мен мобильді қосымшалар арқылы беріле бастады. Әрине бұл жаңашылдықтың келуімен зейнеткерлер мен компьютердің тілін білмейтін тұрғындар біраз қиындықтарға тап болды. Бұл Қазақстан көшесінде орналасқан ХҚКО бірі. ТЖ режимі аяқатылп, аймақтағы карантиндік шаралар жеңілдетілгенімен санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шараларын сақтау сол күйі қалды. Сәйкесінше кезекте тұрған азаматтар медициналық бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс. ХҚКО аталған талаптар қатаң сақталуда әрі үздіксіз бақылауда. Тәртіп демекші. Қызмет көрсетудің жаңа форматына көшкен бұл орталықтардағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары алынып тасталған еді. Тегін мемлекеттік қызмет. Расыменде кез-келген мемлекеттік қызметтің түрі тегін беріледі. Ал мына дүңгіршекті дәл ХҚКО жанынан ашып алған азаматтар мемлекеттік қызметті ақылы жүргізіп жатқан көрінеді. Аталған жайтты  ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті анықтаған. Себебі, аталған департамент мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына тікелей бақылау жүргізеді. Ақпараттың ақ қарасын ажырату үшін жаңағы дүңгіршектің қызметіне жүгініп көрдік. Біз сұраған қызмет түрі 2000 теңгеге бағаланған. Бұл әдетте жұмысқа тұрарда сұратылатын анықтамалар легі. Ал өзге қызмет түрлерінің бағасы бізге құпия күйінде қалды. Ал мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті аталған оқиға бойынша тексеріс жұмыстарын бастап кетті. Түсірілім тобының  айналаны таспаға түсіріп жатқандығын көрген дүңгіршек иелері бірден есіктерін тарс жауып, кетіп қалды. Бір айта кетерлігі облыс орталығында 13 бірдей өзіне-өзі қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін орталық ашылған. Олар қаладағы кітапханалар мен жұмысқа қамту орталығында, қалалық әкімдікте орналасқан. Қызметті алу тегін.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ
18:06, 23 қыркүйек 2020
ТЕКСЕРУШІЛЕР КЕЛГЕНДЕ ТЕРЕЗЕДЕН СЕКІРІП КЕТТІ
Толығырақ...