ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Заң бұзушылық азайды

14:09, 10 қазан 2019

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 38447 азаматтық, 2424-і қылмыстық, ал 25961-і әкімшілік іс қаралды. Биыл соттар таразылап, үкім шығарған іс өткен жылға қарағанда екі есеге азайған. Өткен жылы облыстық сот саласында 67 мыңға жуық іс қаралды. Биыл  қылмыстық істер 42, азаматтық істер 24 пайызға азайды. Қылмыстық істер бойынша 1750-дей адамға қатысты 1564 іске үкім шығарылды. Нәтижесінде, 1600-ден астам іске байланысты жаза тағайындалып, 77 адам  ақталып шықты. Бұл - сот саласындағы медиацияның ықпалы. Түйені түгімен жұтып, ақшаға құныққандар да түбегейлі жойылмай тұрғаны брифингте айтылды. Облыс бойынша 8 сот мекемесінде цифрландырылған «виртуалды сот» жүйесі енгізілген. Ал «мінсіз сот» бағдарламасы аясында 18 фронт-офис жұмыс істеуде. «Түнгі сот» жүйесі облыстың Семей, Өскемен және Риддер қалаларында іске қосылды. «Еңбек дауларын алдын алу» пилоттық жобасы да биылғы жылдың 4 наурызынан бастап, Өскемен және Семей қалалық соттарында жүзеге асып келеді. Жыл басынан бері электронды форматта 490 қылмыстық іс бойынша шағым түсіп, бүгінгі таңда оның 428-і қаралған.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар