ЗАЙСАН АУДАНЫНДА АФАНАСЬЕВ МӘДЕНИЕТІНІҢ БІРЕГЕЙ ЖӘДІГЕРЛЕРІ ТАБЫЛДЫ

21:58, 4 қыркүйек 2017

Зерттеушілердің айтуынша , табылған артефакттар шамамен біздің дәуірімізге дейін 25-18 ғасырда өмір сүрген Афанасьев мәдениетіне жатады.

Археологиялық топ жетекшісі, профессор Әбдеш Төлеубаевтың сөзінше, бұл - археология ғылымына қосылған жаңа деректер болмақ.

Зайсан ауданы— тарихи мұраларға бай өңір. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында, мұнда бұрын соңды болмаған ауқымды археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр. Өзінің жұмыс сапары барасында аймақ басшысы Даниал Ахметов аудандағы Айнабұлақ және Қаратал ауылдық округінде болып, бұл жерде алғаш табылған Афанасьев мәдениеті жәдігерлерімен танысты. Көне артефакттардың ішінде салт, жоралғыларды жүргізуге арналған сауыттар, мыс пышақтары мен тастан жасалған еңбек құралдары бар. Профессор Әбдеш Төлеубаевтың айтуынша, нақ осы жерде біздің заманымызға дейінгі 25-18 ғасырда қолданыста болған 500-ден аса жекелей ескерткіштер табылды. Ал, қазба жұмыстары 10-шы қыркүйекте аяқталатын Қаратал ауылының маңында алғаш рет Үйсін тайпасы өкілдерінің мәйіті табылды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Бармақ батырдың басына белгі орнатылды
15:50, 19 қыркүйек 2017
Бармақ батырдың басына белгі орнатылды
Толығырақ...
КЕЙБІР ДІНИ САЙТТАР ЗАҢҒА ҚАЙШЫ АҚПАРАТ ТАРАТҚАН
21:58, 18 қыркүйек 2017
КЕЙБІР ДІНИ САЙТТАР ЗАҢҒА ҚАЙШЫ АҚПАРАТ ТАРАТҚАН
Толығырақ...
МЕКТЕПТЕР  ЖЕРГІЛІКТІ  ЖИҺАЗДАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ
21:02, 18 қыркүйек 2017
МЕКТЕПТЕР ЖЕРГІЛІКТІ ЖИҺАЗДАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Бармақ батырдың басына белгі орнатылды
15:50, 19 қыркүйек 2017
Бармақ батырдың басына белгі орнатылды
Толығырақ...
51 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды
13:13, 15 қыркүйек 2017
51 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Толығырақ...