ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

ЗАҒИП ЖАНДАРҒА КӨМЕК

14:49, 12 қыркүйек 2018

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты түсіндіру шарасын өткізді. Мақсат — «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, тұрғындардың мемлекеттік қызметті кедергісіз алуына ықпал ету.

Шараның мақсаты зағип және көру қабілеті нашар адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін алу кезінде олардың заңды құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда қайда шағымдануға болатындығын түсіндіру.  Бұл күні ұйымдастырушылар жиналғандарға Брайль қарпімен жазылған ақпараттық жадынамалар таратылды.

Шара барысында көзі нашар көретін азаматтар мазалаған сұрақтарын қойды. Мәселен, зағип жандар мемлекеттік қызмет түрлерін алу кезінде көптеген қиындықтарға тап болады. Кезекке тұрады, көзі көрмегендіктен құжаттарды оқып, жаза да алмайды. Оларға мұндай жағдайда арнайы құрылған мобилді топ мүшелері қызмет көрсетеді.

Бүгінде облыс бойынша 57 000 астам көз мүгедегі бар.  Жыл өткен сайын мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек түрлері де артып келеді.

 

АЛТЫНАЙ РҮСТЕМОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар