ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

“WorldSkills Shygys – 2019” кәсіби шеберлік чемпонаты

17:50, 14 мамыр 2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Жастар жылы аясында  18-22 жас аралығындағы 270-тен астам студент пен түлектердің 43 құзіреттілік бойынша «WorldSkills Shygys – 2019”  кәсіби шеберлік чемпонаты  өтіп жатыр.  Чемпионатты облыстық білім басқармасы жетекші кәсіпорындар бірлесіп ұйымдастырды.Аспаз, шаштараз, тас қалаушы, дәнекерлеуші, мал дәрігері   мамандықтарына сұраныс бүкіл республика көлемінде  жоғары. WorldSkills Shygys кәсіби шеберлік чемпионаты жұмысшы мамандықтарын кеңінен насихаттайды. Ертеңін ойлап, аяққа нық тұруға ұмтылған  жастар  үшін өмірлік жолдама. Жоғары білім алмай-ақ, табыс тауып, күн көруге болады. Осы  ауқымды шарадан өңірлік жетекші компаниялар да шет қалмаған. Облыста кәсіптік және орта арнаулы білім беріп, 115 мамандыққа оқытатын 86 колледж бар. 35000-ға жуық студент білім алуда. «WorldSkills Shygys” кәсіби шеберлік чемпионатына қатысушы саны былтырғыдан көп.  Дуальді оқыту жүйесін жетілдіріп, неміс технологиясын ұтымды пайдалану жүзеге асып отыр.Шығыс Қазақстан кәсіптік колледждері  «WorldSkills»  чемпионатына бірнеше жыл қатарынан қатысып келеді. Республикалық дәрежеде ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер бар. «WorldSkills-2018» республикалық чемпионатында 8 құзіреттілік бойынша жеңімпаз атанған 9 қатысушы  биылғы жылы Қазан қаласында өтетін халықаралық чемпионатқа қатысады. «Шаштараз ісі» мен «Ресторан сервисі»  құзіреттіліктері бойынша ең үздік атанған Людмила Упорова мен Әнуар Сарбасов Семей қаласы «Бизнес және сервис» колледж студенттері.  «WorldSkills Shygys – 2019»  чемпионаты аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіру  мақсатында 3 құзіреттілік бойынша 14 қатысушыдан тұратын I аймақтық  «Abilympics Shygys – 2019» кәсіби шеберлік чемпионаты мен 7-11-сынып аралығындағы мектеп оқушыларына арналған  «MY PRO» мамандықтар фестивалі  өтеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:00, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
20:00, 20 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...