ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

«ВОСХОД» КЕНТІНДЕ АУЫЗ СУ ЖОҚ

14:23, 2 шілде 2020

Таза ауыз су мен көшені жарықтандыру - қала шетіндегі «Восход» кентінің тұрғындары үшін өзекті мәселеге айналған. Мұндағы ұңғымалар мен құдықтардағы су ішуге жарамсыз болғандықтан қаладан тасуға мәжбүр. Бүгінде кентте бірде-бір құдық жоқ және үйлерге су құбырлары тартылмаған. Сонымен қатар, көше де жарықтандырылмаған. Тұрғындар балаларының денсаулығы мен өмірі үшін алаңдаулы. Біздің түсірілім тобы кентте болып, жағдаймен танысып қайтты.

Қала шетіндегі Восход кентінің тұрғындары ұзақ жылдардан бері ауыз суды қаладан тасып ішуге мәжбүр. Атап өтерлігі, мұндағы әр үйде ұңғыма бар. Алдайда, ішуге жарамсыз. Себебі, құрамында денсаулыққа зиянды заттар бар. Сондықтан, тұрғындар көлігі бар көршілеріне өтініш білдіріп суды қаладан алдырады. Коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде су өте өзекті мәселеге айналған. Жұп және тақ сан күндер бойынша шектеулерге байланысты жергілікті тұрғындар су қорын жинаған. Жеңілдетілген кезде де жағдай оңалмаған көрінеді. Тұрғындар қаладан су әкелуге мүмкіндік болмаған кезде, ішуге жарамсыз тіршілік нәрін пайдалануға мәжбүр. Атап өтерлігі, қалалық әкімшілік пен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бұл мәселеден хабардар. Жергілікті атқарушы билік аталмыш мәселені кезең-кезеңімен шешуге кірісіп кеткен көрінеді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі өкілдерінің ақпаратынша, магистральді су құбырлары желісінің құрылысына 200 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.  «Шығыс» кентіндегі тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз ету мақсатында, бүгінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімімен ішкі желілердің құрылыс жобасы әзірленуде. Алдымен мемлекеттік сараптама жүргізіледі. Аталмыш жобаны 2021 жылдың наурыз, сәуір айларында аяқтау жоспарланып отыр. Кентте қордаланған мәселелердің тағы бірі көшелердің жарықтандырылмағанына қатысты. Тұрғындар кешкі уақытта өздерінің және кәмелеттік жасқа толмаған балаларының өміріне алаңдаулы. Мұнда тіпті жазатайым оқиға да орын алған.  Тұрғындардың бірі терең шұңқырға түсіп кетіп, артынша шыға алмаған көрінеді.Тұрғын үй коммуналдық шарушылығы бөлімінің мамандары биыл кенттегі 2 көше жарықтандырылатындығын айтты. Кент тұрғындары алдағы 2 жылда су мен жарықтандыру мәселесі шешіледі деген үмітте. Біздің телеарна мәселенің қалай шешілетінін назарда ұстайтын болады.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ
14:16, 10 тамыз 2020
ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар