ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ҮЗДІКТЕР САЙЫСЫ

13:30, 15 мамыр 2019

Тақырыпты жалғастырамыз. Өңірдің колледж студенттеріне арналған  «WorldSkills Shygys» сайысы - республикалық чемпионатқа жолдама алуға ғана емес,  болашақ жұмыс берушілерге өздерінің іскерліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндайға үздіктердің үздігі ғана ұмтылатыны сондықтан. Жастардың кәсіпқойлығы мен шеберліктерін бағалау үшін жарыс алаңын облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мен болашақ жұмыс беруші бірқатар кәсіпорын өкілдері аралады. Байқау қатысушылары үздік атағы үшін 43 құзіреттілік бойынша бақ сынауда. Бұл бағыттар өңірдің әлеуметтік-экономикалық саласын қамтиды. Жеңімпаз атанғандар республика деңгейінде облыс намысын қорғайды.Айта кететіні, облыстың командалары республика деңгейінде мықтылар санатында. Жарысты ұйымдастырушылар, қатысушылардың зор қызығушылық танытатындықтарын айтады. ІТ-технология, инженерия және қызмет көрсету салаларының болашақ мамандарының сайысы жұмаға дейін жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:00, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
20:00, 20 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...