ШҰҒЫЛ! Жүйелі ақпарат заманы Толығырақ

Үздік ұстаз

14:03, 31 қазан 2019

Облыс орталығында «Үздік ұстаз - 2019» байқауы өтті. Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебінде ұйымдастырылған білім сайысына аймақтың әр ауданынан келген 19 мұғалім қатысты. Байқау мақсаты – химия пәні мұғалімдерінің білімі мен біліктілігін анықтап, оларға қолдау көрсету.  Білім беру жүйесіне ұстаздардың инновациялық тәсілдері  мен түрлі зерттеу нәтижелерін  енгізу. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша қазіргі кезде көптеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады. Абай ауданы, Абай атындағы мектеп лицейінде химия пәні ағылшын тілінде өтеді. Айдос Сайлаубеков оқушыларға өзге тілде сабақ береді. Осы сайысқа  тыңғылықты дайындықпен келген ол көпшілікке авторлық бағдарламасын таныстырды. Ұйыдастырушылар осындай байқаулардың ұстаздарға берері мол екенін айтады.  Тәжірибе алмасуға да мүмкіндік бар.Ұстаздар ұсынған авторлық жобаларды әділқазылар мүшелері сараптап, ортақ нәтиже шығарады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар