ШҰҒЫЛ! ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР Толығырақ

ҮЗДІК САРБАЗ

10:22, 13 қыркүйек 2018

«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының он төртінші еңбек мауысымының аяқталғаны белгілі. Жаз бойы мың төрт жүзден астам жас жұмысқа орналастырылып, өңірдің көркеюіне үлестерін қосты. «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарынан үздік деп танылған сарбаздар кім?

Жаз өтті, еңбек маусымын қорытындылайтын кез де келіп жетті. Облыста  «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының ең үздік сарбаздары анықталды. Әділжан  Ғалымов Семейдегі университеттердің бірінде аграрлық факультетте оқиды. Үшінші курс студентінің «Жасыл ел» жасағы қатарында жүргеніне екі жыл болды. Осы жолы ол «үздік сарбаз» номинациясын иеленді. Әділжан өз командасымен туған жері – Көкпекті ауданын абаттандыру жұмыстарына ат салысты.

Ал нәзік жандылар арасынан «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының үздік сарбазы – Айым Өзбекова атанды. «Жасыл Ел» жасақтары табиғатты қорғау іс шараларына қатысып қана қоймай, әлеуметтік маңызы бар бастамалардың белсенді қатысушылары саналады. Ал жасақтардың арасынан Курчатов қаласының «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағы үздік деп танылды.  

Биыл «Жасыл ел» жасақтарының қатарында аудан жастары көп. Сарбаздардың саны бойынша Зайсан мен Абай аудандары көш бастап тұр. Дегенмен, «Жасыл Елдің» «үздік штабы» - Өскемен қаласы атанды. «Үздік аудан» номинациясын Жарма еншілесе, ЖОО арасында Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті кубокты қанжығасына байлады. Марапаттау рәсімі мерекелік концертке ұласты.  

ЗАУРЕШ АХМЕДЖАНОВА

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

 АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
18:09, 17 қазан 2018
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ІСКЕ АСЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар