ШҰҒЫЛ! Менторлық семинар Толығырақ

Үздік әлеуметтік жоба

14:02, 5 қыркүйек 2019

Облыстық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мен «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалы бірлесіп   «Үздік әлеуметтік жобалар» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Республика көлемінде жыл сайын өтетін дәстүрлі шараның алғашқы, өңірлік кезеңінің қорытындысы жарияланды. Лилия Мамбурова ерекше баланың анасы. Дәрігерлер балаға аутизм диагнозын қойған соң, мойымай,  ауруды жеңіп шығуға кіріскен. Екі жыл бұрын аутизмі бар балаларды оңалту және дамыту орталығын ашып, бүгінде оң нәтижеге қол жеткізіп отыр. Жақында Өскеменде аутист-балаларға арналған балабақша ашу жоспарында бар. Зайсан ауданында  мүмкіндігі шектеулі балаларға  көмек көрсету орталығы ретінде ашылған «Зайсан жастары» қоғамдық бірлестігіне жүгінушілер саны артқан. Еңбек терапиясына ерекше мән беріледі. Биыл өңірлік үкіметтік емес ұйымдар тарапынан «Үздік әлеуметтік жоба» байқауына ұсынылған 15 өтінім ішінен 4-і үздік деп танылды. Олар  республикалық байқауға жолдама алды. Шараның  басты  мақсаты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың моральдық-құқықтық мүдделерін қорғау. Кедергісіз орта қалыптастыру.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар