ШҰҒЫЛ! КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ Толығырақ

ҮСКІРІК АЯЗ

12:54, 7 ақпан 2019

Алдағы күндері облыста үскірік аяз болады. «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалы мәліметіне қарағанда, 6-шы және 7-ші ақпанда ауа райы температурасы күрт төмендейді. Бүгін кешкісін аяз ызғары сезіле бастайды. Өскеменде түнде минус 38 градус болады деп болжайды синоптиктер. Қатты жел тұрып, боран соғады. Қазіргі кезде қаладағы барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істейді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті күннің суытуына байланысты азаматтардың алыс жолға шықпауын ескертеді. Ал «Қазгидромет» мамандары ауа райының күрт төмендеуі Арктикадан келген суық ауа массасы антициклонының әсерінен дейді.Аязды күндері жылы киініп, далада көп жүрмеңіздер. Егер де үсік шалса, қармен, спиртпен, маймен ысқылауға болмайды. Мұндай әрекет теріні зақымдайды. Сонымен қатар аяқ-қол үсіп қалса, жылытуға және ыстық суға салуға болмайды.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ
14:07, 25 сәуір 2019
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТЫНЫҢ ДАМУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар