Ушанов алаңын жөндеу жұмыстары кейінге шегерілді

Облыс орталығындағы Ушанов алаңы құрылысының жобасы белгісіз мерзімге шегерілді.

21:09, 17 мамыр 2017   199

Бұған дейін жергілікті биліктегілер көп ұзамай Ушанов алаңында келбеті өзгеретіндей құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ондағы көлік қозғалысы жолдары біршама кеңейтілетін болады деп мәлімдеген еді. Жоба авторларының жобалауынша, алаңның аумағы бірмаша қысқартылып, тиісінше, жолдар айтарлықтай кеңеюі керек еді. Сондай-ақ, бұл аумақта бірқатар жерасты жаяу жүргіншілер жолағы мен екі бірдей жылы аялдама орнату жоспарланды. Алайда, қазір жөндеу жұмыстары белгісіз мерзімге шегеріліп отыр.  Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықовтың айтуынша, қазір мердігерлер барлық ескертулер бойынша олқылықтарды жойып жатыр. Егер жоба әзір болып, ол толығымен қанағаттандырылса, қала әкімшілігі облыстық бюджеттен қосымша қаржы бөлу жөнінде өтініш жіберетіндіктерін айтып отыр. Құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқтала ма, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз.

 

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасының ресми сайты

070010, Өскемен қаласы. Стахановская көшесі, 70 үй Байланыс телефондары: 8 (7232) 52-29-24