ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ҰШАҚТАР КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

14:51, 28 шілде 2020

Ұшақтар кентінің тұрғындары ұзақ уақаттан бері электр жарығы мен сусыз отыр. Жергілікті тұрғындар тіршілік нәрін көршілес аудандардан тасуға мәжбүр. Ал электр қуатын Юность шағын ауданындағы жеке меншік сектордан алып отыр. Кей кездері тоқ кернеуінің шамадан тыс артуынан мүлдем жарықсыз қалады екен. Кент тұрғындары тұрмыстық техникаларды сатып алудан қалған. Себебі, тоқ кернеуінің артуынан тоңазытқыштары, қысқа толқынды пеш пен теледидарлары күйіп кеткен. Жергілікті тұрғындар электр жарығын заңсыз алып отырғанын жасырмайды. Алайда, басқа амал жоқ,- дейді олар. Сондай-ақ мұнда ашық сымдар да көп. Қала әкімі Ермак Сәлімовпен кездесу барысында тұрғындар түйткілді мәселелері жайлы айтты.
Белгілі болғандай, құрылысқа арналған учаскелер тұрғындарға 2007 жылдан беріле бастаған. Алайда, бұрынғы заңнамаға сәйкес жер учаскелері тапсырылғанға дейін мұнда инженерлік коммуникация тарту мәселесі қарастырылмаған. Құрылыс жұмыстары жүргізілгенімен тұрғындардың электр және сумен жабдықтау жөнінде  келісімшарттары болмапты. Дәл осыған ұқсас жағдай Комсомок кентінде де болған. Ол бойынша тиісті жоба әзірленіп, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір аяқталуға жақын,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.  Ұшақтар кентіндегі мәселе де осылай шешілмек. Шаһар басшысының атап өткеніндей, аталған ауданға су құбырларын тарту жұмыстарының  80 пайызы аяқталған. Мұны мердігер ұйымның директоры да растады.
Ал электр желісімен қамтамасыз ету жұмыстарымен Павлодарлық компания айналысқан. Белгілі болғандай мердігер жобаны жүзеге асыру шарттарын бұзған. Олармен келісімшарт тоқтатылды. Енді кенттегі электр жүйесін құру жұмыстарымен жергілікті компания айналыспақ. 
Мұнда жол мәселесі тағы бар. Ол барлық инженерлік коммуникациялар жүргізілгеннен кейін ғана шешіледі. Алайда, әкім жолдар қазылған күйі қалмайтынын жеткізді. Бұл медициналық жедел жәрдем мен өзге де көліктердің қатынауы үшін тегістелмек.
Сондай-ақ қала басшысы тұрғындар тарапынан да әлеуметтік жауапкершілік болуы керектігін еске салды. Яғни, олар құжаттарын реттеулері тиіс. Тұрғындардың қолында жер телімдерінің мемлекеттік актісі, қоқыс шығарумен айналысатын мекемелермен келісімшарт пен жер учаскелерін пайдалануға беру актісі болуы қажет. Аталған құжаттарсыз электр желісімен қамтамасыз ету мүмкін болмайды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ
14:16, 10 тамыз 2020
ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар