ШҰҒЫЛ! ФОНОГРАММА ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ Толығырақ

ҮРЖАР АУДАНЫНДА ҮЛГІЛІ ІСТЕР КӨП

14:14, 15 қыркүйек 2020

Үржар ауданы жылдан жылға көркейіп келеді. Барқытбел баурайындағы аудан әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуда өзге өңірлерден көш ілгері. Туризм саласында да атқарылған істер ауқымды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері де жоғары. Үржардың жылдық бюджеті 26 млрд теңгені құрап отыр. «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Алакөл жағалауында екі үлкен инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, ауданда жолдар жөнделіп, көшелер көріктендірілуде. Ауданда көппәтерлі үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары да қарқын алған.  Бүгінде Мақаншы ауылындағы үш тұрғын үйдің ауласы абаттандырылған. Бұдан бөлек 4 ауылдық округте атап айтсақ, Ақшоқы, Қарабұлақ, Қаратал, Шолпан ауылдарында жалпы сомасы 40 млн теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Үржар ауылындағы әуежайдың ұшып-қону алаңы да қайта жаңғыртылуда. Ұлт саулығы – табысты болашақтың кепілі деген қағиданы ту еткен аудан денсаулық саласына да жіті мән береді. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен аудандық орталық ауруханаға компьютерлік томография модулі әкелінді. Биыл емдеу мекемелеріне құны 89,6 млн теңге қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта емхананың бірінші қабаты мен нөмір үшінші дәрігерлік амбулатория ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бір сөзбен айтқанда, ауданның алар асулары әлі алда.                                     

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР
17:56, 18 қыркүйек 2020
ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДАРДЫ БҮЛДІРІП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар