ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ

09:23, 10 қаңтар 2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында өз тарихыңды, өз ұлтыңды танып-біліп, мақтанышпен айту маңыздылығына ерекше мән берілген. Ұлылар мекені атанған Абай елінде жастардың талантын ашып, қазақи қара өлең ұйқасын тереңнен зерделеп, өлең құдыретін меңгеруге серпін берген ақын, сазгер, жазушы Мерғали Ибраевтың құрметіне ашылған «Ақсұңқар» ақындар сыныбына 20 жылдан астам уақыт болды. Өскелең жастарды әдеби ортаға бейімдеп, ауданның мәдени өмірінің жандануына ерекше үлес қосып отырған «Ақсұңқар» ақындар сыныбының жетекшісі, ұстаз Төлеген Жанғалиев бізге өлең құдіреті, ұрпақтар сабақтастығы мен шәкірттері жайында айтты. Бүгінде «Ақсұңқар» ақындар сыныбы жалпақ елге кеңінен танымал. Республиканың түкпір-түкпірінде «Ақсұңқар» ақындар сыныбы методикасы негізінде оқытатын ақындар мектептер жұмыс істейді. Белгілі ақын, драматург Мерғали Ибраев атындағы ақындар сыныпқа оқушылар 5-сыныптан бастап қабылданады. «Бұл тұрғыда баланың дарынын жастайынан ашу. Ең үлкен мәселе – мектептегі сабағына кедергі келтірмеу».- дейді Төлеген Жанғалиев. «Өлеңді – өмір, оны қызғыштай қоруымыз керек» деген ұлағатты ұстаз шәкірттерін айтыс өнеріне баулитын көмекшісі бар екенін жеткізді. Айтысты шоқтығы биік, құдіретті өнер деп білетін тұлға жаттанды ақындарды емес, «Ой мен ақылы толысқан жазба ақындарды тәрбиелеуіміз керек» дейді. «Ақсұңқар» ақындар сыныбының оқушысы, қазіргі уақытта өзі де өлең жазып жүрген Қарақат Шалқарқызы бізге мәнерлеп Ұлы Абайдың «атақты «Күз» өлеңінен үзінді оқыды. Абай елінде таланттылардың көшін жалғап, жастар поэзиясында өзінің сыршыл да әдемі жырларымен елге танылатындар қатары өсіп келеді. Аға буын мен жас буын арасындағы рухани сұхбат, салиқалы ұрпақтар сабақтастығы деген осы.

Тақырып бойынша материалдар

«БЖЗҚ» АҚ ШҚОФ «Ашық есік күнін» өткізді
15:00, 25 маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ ШҚОФ «Ашық есік күнін» өткізді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар