ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

ҰРЛЫҚ ТҮБІ - ҚОРЛЫҚ

15:10, 10 қазан 2018

«Өскемен қаласында қылмыстың бірнеше түрі белең алған. Соның 70%-ы - ұрлық. Негізінен ақша, зергерлік бұйымдар, ұялы телефондар мен автокөліктер ұрланады». Бұл - ішкі істер бөлімінің бастығы Дәуір Ибраевтың сөзі. Десе де сала бойынша оңды көрсеткіштер де бар, тәртіп сақшылары тоғыз айдың ішінде ұрлықты 10%-ға, ал ауыр қылмысты 5%-ға төмендеткен.

 

Бүгінде Өскеменде тіркелген қылмыстық істердің бір бөлігі  - ұрлық.  Пәтер тонауға қатысты бірқатар іс бар. Бұдан басқа қалада автокөлік ұрлығы, сонымен қатар қалта ұрлығы мен алаяқтық фактілері де көбейген. Жалған несие рәсімдеу, интернет арқылы тауар сату, жұмысқа орналастыру сынды түрлі айла-амалдарды қолданып, талай жанға зардабын тигізген. Сондай-ақ алаяқтар жарнамалық сайттарға жалған ақпарат таратып та ақша табады. Мысалы, өзінің көлігін сатамын деп, ақшаның бір бөлігін есеп шотына аударуды сұрайды. ІІБ бастығының айтуынша, алаяқтарға сеніп, қаржысын аударатын аңқау адамдар да аз емес. Өскемендік полицейлер қылмыс санын азайту мақсатында алаяқтық  пен ұрлықтың жасалу жолдарын бланкке жазып, көше бойларына ілген, бірақ еш нәтиже шықпаған.


Өскеменде тіркелген ұрлықтың 50 пайызы ауыр қылмыс  санатына жатады. Айта кетейік, жыл басында ІІБ қызметкерлері пәтерден бағалы заттар ұрлаумен күн көрген қылмыстық топты әшкереледі. Шығысқазақстандықтарға қатысты бұл істі қазір сот қарау үстінде. Жалпы 2018 жылы үй тонаушы 12 күдікті ұсталған.

АРНҰР ШАКЕРХАНОВ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар