ШҰҒЫЛ! Жүйелі ақпарат заманы Толығырақ

«Үміт-2019» көрме-байқауы

14:13, 30 қазан 2019

Облыстық әкімдік қолдауымен Қылмыстық атқару жүйесі департаменті «Қызыл ай» қоғамымен бірлесіп, «Үміт-2019» көрме-байқауын өткізді. Келушілер темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан азаматтардың  майлы бояумен салынған картиналары мен қолдан жасаған бұйымдарын тамашалады. Көрме-байқауына күнделікті тұрмысқа қажетті 130-ға жуық зат қойылды. Қолөнер туындыларын жасау кезінде авторлар түрлі техниканы қолданған.  Әр заттан олардың өмірге деген көзқарасын көруге болады. Қолынан өнер тамған бас бостандығынан айырылған жандар жасаған бұйымдар арасында гипстен, ағаштан, тастан әзірленген мүсіндер мен макеттер бар. Әрқайсысы өзінше ерекше. Келушілер өздеріне ұнаған бұйымдарды тамашалап қана қоймай, сатып алуға да ниет білдірді. Көрме - байқау келесі жылы да жалғасын табады. Ұйымдастырушылар осы жолы үздік деп танылған туынды авторларына бағалы сыйлықтар табыс етті.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар