ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

13:26, 21 ақпан 2019

Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен төл тарихымызды бір жүйеге келтіруді көздейді. Яғни, құр тарихи деректер емес, жалпақ жұрт түсінетін мәдени дүниеге айналдыру мәселесін қозғайды. Бұл орайда өскелең ұрпақтың тарихқа қанығып өсуі маңызды. Аталмыш мақала аясында мектеп қабырғасында айтарлықтай шаралар өтіп жатыр. Соның бірі - «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында» өткізілген апталық. Апталықтың басты мақсаты – оқушыларға «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіріп, туған жері мен елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Оқушы санасында ұлттық құндылықтың не екенін түсіндіру бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. Соның бір көрінінісі мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің өнерінен байқалып тұрды. Апталық аясында оқушылар жеті қырдан жеті түрлі ғибрат, үлгі-өнеге алып отыр. «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында» оқушылар Елбасы мақаласын оқып, түсінген соң, өткен өмірді шағын сахналық қойылымдар арқылы көз алдымызға әкелді. Елбасының бағдарламалық мақаласы - бұл дүниетанымдық-идеологиялық мақала. ХХІ ғасырда ұлттық сананы айқындайтын, қоғамдық сананы өзгерту жолдарының жалпы бағыттарын белгілеген маңызды құжат. Діттеген мақсаты – қазақ елінің тарихы мен мәдениетін дәріптеу. «Елбасы өз мақаласында Ұлы даланың жеті қырын санамалап көрсетті. Тұтастай алғанда, қазіргі тілге түсінікті болуы тиіс деп атап көрсеткен. Тек ұлылықты көрер көз, тани алар мол таным болатынына сенім артқан» дейді өз сөзінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арай Ертарғынова. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы оқушылардың келешекте мамандық таңдауына да ашылған даңғыл жол. Өткенді ұмыту - болашақтан қол үзу. Ендеше, оқушылар бойына ел тарихына деген қызығушылықты арттыру бүгіннің талабы болып қала бермек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
15:25, 20 наурыз 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
Толығырақ...