ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АЛТЫНЫ

13:50, 15 наурыз 2019

Мәскеу қаласында «Ұлы даланың алтыны» атты Шығыс Қазақстаннан табылған бірегей артефактілердің көрмесі ашылды. Мәскеуліктер мен қала қонақтары ел тарихында орны ерекше Шығыс Қазақстан облысы аумағынан табылған эксклюзивті археологиялық бұйымдармен танысты. Шараны ұйымдастырушы – Қазақстан республикасы, Ресей Федерациясы елшіліктері мен Шығыс Қазақстан облысы. Көрмеде жалпы саны 25 мыңнан астам жәдігер қойылған. 2003 жылы археолог Әбдеш Төлеубаев ашқан Шілікті қорғанынан табылған VII-VIII ғасырларға жататын реконструкцияланған «Алтын адам» экспозициясы көрменің көркін ашты. Экспозицияның ең басты бөлімдерінің бірі - «Қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстан – Еуразия орталығындағы ірі металлургиялық орталық». Қола дәуіріне жататын құнды жәдігерлер көшпелілер өркениеті бастауынан көрініс береді. Темірші, ұста, шаруалар мен шопан, зергерлердің металмен жұмыс істеудегі асқан шеберлігі мен іскерліктерін көрсетеді. Шығыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музей қорын толтырған құнды жәдігерлер Ресей Федерациясы астанасы жұртшылығының назарына ұсынылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
15:25, 20 наурыз 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
Толығырақ...