ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Ұлы дала палитрасы

13:30, 14 маусым 2019

Өнер музейі көркемсурет туындыларымен толығатын болды. Шығыс Қазақстанда 10 елден келген 20 суретшінің қатысуымен  өткен «Ұлы дала палитрасы» халықаралық суретшілер плэнер-көрмесі аяқталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы музейлерге арналған «Арт заман» жобасы  жүзеге асырылып жатқанынын айқын көрінісі. «Ұлы дала палитрасы»  халықаралық суретшілер плэнер-көрмесі қорытындыланды. Көрме залдарына Алтайдың ғажайып табиғаты бейнеленген көркемурет туындылары ілінді. Әрбір суретші кем дегенде үш картинасын музей қорына сыйлады. Мәдени іс-шарада  Катонқарағай ауданындағы суретшілердің жұмысы туралы фильм көрсетілді.  Облыс әкімі Даниал Ахметов мәртебелі қонақтарды құттықтап, сыйлықтар табыстады. Өз кезегінде суретшілер грузиялық суретші Теймур Аглиоглының картинасын  сыйға тартты.Ұлы даланың әсем көрінісімен қоса плэнер қатысушыларының портреттерін жазған Ильнур Сиразиев Қазақстанға бірінші рет келіпті. Мәдениет пен өнерді өз елдерінде насихаттаушы саналатын қылқалам шеберлеріне деген құрмет ерекше. Бір-бірімен тәжірибе алмасып,  ары қарай бірлесіп жұмыс істеу туралы ой түйді. Ауқымды мәдени іс-шара жаңа бастамаларға жол ашады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар