ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Ұлы дала есімдері ұлықталды

13:30, 12 маусым 2019

Жарма ауданында «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында «Жастар жылына» орай Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті.Ұлы даланың ұлағатты ұстазын ұлықтауға бағытталған додада қала мен аудандардан келген 12 қатысушы өзара бақ сынасты.Қазақ халқының ұлылығын ұлықтай білген, әдебиеті мен мәдениетінің төрінен орын алған тұлғалардың шығармашылығын насихаттау - ұрпақ парызы.  Әрі жастар арасында  құнды туындылары арқылы әдебиет айдынында мөлдір бұлақ болып кұйылған, күллі адамзатқа ортақ рухани қазыны дәріптеген көркемсөз шеберлерінің сайысы - «Алаш арыстарының» -125 жылдығы мен  Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналды.Қазылар алқасы көркемсөз шеберлерін бағалау барысында негізгі талаптардың толық сақталуына аса мән береміз деуде.Жармалық Гүлмира Жусанбаева сайысқа қатысушылардың дайындығын жоғарғы деңгейде, кез-келген қатысушы жеңіске жетуге лайық деп бағалады. Сонымен қатар мұндай додаға қатыса жүріп тәжірибе шыңдауға болатынын мәлімдеді.  Қазылар алқасын, көрермендерді өзіндік орындау мақамы мен сахналық қойылымы арқылы баурап алған Әлия Болатова саңлақтар арасында оза шауып, жеңімпаз атанды. Жеңімпаз бұл сайысқа Күршім ауданының сенімін ақтай алғанын мақтан етеді.Шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалды сыйлықтар табыс етілді. Ал облыстық кезеңде дара шапқан қатысушылар республикалық сында өнер көрсететін болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар