ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

Ұлттық асхана

14:20, 11 қараша 2019

Көпұлтты елімізде ғұмыр кешіп жатқан ұлттардың  ынтымақтастығын нығайту жолында мәдени іс-шаралар көптеп ұйымдастырылады. Соның бірі облыстық «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында» өтті.  Кеш қонақтары әзірбайжан асханасымен танысып, ұлттық тағамарынан дәм татты. Іс-шара барысында әзірбайжан халқының ұлттық болмысы,  мол дастарханы  мен қонақ күту әдебі туралы  айтылды.  Ұлттық тағам атауларына қатысты викториналық сұрақтар қойылды. Быструха ауылынан келген өнерпаздар халық биін билеп, әр астың атауына түсінік берді.  Кеш қонақтары үш түрлі долма, әзірбайжан палауы, ақжелкен, аскөк қосылған кутаб сияқты тағы басқа ұлттық тағамдардан дәм татты.  Кеш қонақтары шарадан жағымды әсер алды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар