ШҰҒЫЛ! ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ Толығырақ

ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ

15:43, 3 шілде 2020

Қазақстан – бүгінде ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың мекені. Елбасы Н.Н.Әбішұлының сындарлы саясатының арқасында түрлі ұлт өкілдері қазір ашық аспан астында бірлікте өмір сүруде. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған жұмыстардың табысты екенін паш етіп келеді. Ең алғаш 1992 жылы елде Достық үйі Өскемен қаласында ашылды. Бұл тек өңір тұрғындары үшін ғана емес, бәріне үлкен жаңалық болды. Бүгінде Достық үйі  ұлт пен ұлысты тоғыстырған ортаға айналды. Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан жұмыстардың барлығы Елбасының жемісі. Тұңғыш Президент -  еліміз  адамзат үшін ең қымбат қазына –  ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді қастерлеп сақтай отырып, қадам басты. - деген болатын. Достық үйлері жыл санап ШҚО барлық өңірлерінде ашыла бастады. Курчатов қаласындағы бұл орталықта 3 этномәдени бірлестік бар. Күн өткен сайын өңірде тұрғын саны артып келеді. Сондықтан, келешекте басқа да этностардың қоғамдық бірлестіктерін ашу жоспарлануда. Иә, тура осы құндылықтар арқылы  өскелең ұрпақ өз түпкі тамырын білу, бірлікті нығайту, туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыратыны белгілі.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ
14:16, 10 тамыз 2020
ҚАЛА ЖОЛДАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА ДА ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар