ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Үлгілі аула

13:55, 13 қыркүйек 2019

Алтай қаласының Комсомольская көшесі тұрғындары өздері тұрып жатқан ауланы абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты.  Жасыл желекпен көмкерілген,  әсем аула жергілікті әкімшілік назарынан тыс қалмады. «Ең үздік аула» атанды. Комсомольская көшесіндегі көпқабатты түрғын үй ауласында бұрын газ қондырғылары тұрған. Абаттандыру жұмыстары кезінде қондырғылар алынып, орнына автокөлік тұрағы жасалды. Аулаға асфальт төселді. Жасыл желекпен көмкерілген, көрікті аулаға «Көпшілікке үлгілі аула» тақтайшасы ілінді. Бұл игі іске Алтай ауданының құрметті азаматы Владимир Дериглазов бастамашы болды. Қария жасы ұлғайғанына қарамастан, үйінің ауласына қылқанжапырақты ағаш өсіруді жылдағы әдетке айналдырған. Үй тұрғындары аға буын жастарды тазалық пен еңбекке үгіттейтін өнеге көрсеткендеріне дән риза. Алтай қаласында абаттандыру жұмыстары  қарқынды түрде жүріп жатыр. Бұл мақсатқа 100 миллион қаржы бөлінді. Комсомольская көшесі сияқты Солнечная мен Комаров көшелері де алдағы уақытта жаңа сипатқа енеді. Сондай-ақ, қала ішінде спорт және  балалар ойын алаңдары көптеп салынуда.Туған өлкенің дамуы мен гүлденуіне үлес қосқан әр тұрғынның игі бастамасы ескерусіз қалмасы анық.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар