ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

Ұлан ауданының түлектері

13:45, 13 маусым 2019

 «Мектебің мынау, класың, осында он жыл тұрасың» деп, он жылын оқумен өткізген Ұлан ауданының түлектері түлеп ұшты. Таудай азаматтар мектеп табалдырығынан аттап, үмітке толы ересек өмірге аяқ басты. Келген қонақтардың назары мен құттықтау сөздері тек оларға ғана. Бүгін мектеп бітіріп отырғындар – Райымбек Мәрсеков атындағы орта мектеп оқушылары. Балалар ұзынсонар сабақ пен қызығы мол үзілістермен қоштасып, оралмас мектеп өмірінен алыстап барады. Жоғарғы оқу орнына түсіп, қалаған мамандығының иесі болу – олардың қазіргі ең басты мақсаты мен арманы. 11 жыл ішінде ақыл - ой мен сирек еңбекқорлықпен ерекшеленгендерге - алғашқы елеулі марапаттар.  Биылғы жылы 32 түлек, оның ішінде 2 үздік аттестат, 2 "Алтын белгіге" ие болды. Олардың арасында Айым Бейсенғазықызы. Болашақта ол журналист болуды жоспарлап отыр. Марапаттау рәсімінде мектеп бітірушілерді аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтады. Түлектерге ыстық лебізін тілеп, жарқын болашақ пен биік белестерден көрінуге жігерлендірді.Мектеп жылдары артта қалды, ал енді оларды Ұлттық бірыңғай тестілеу және жоғарғы оқу орындарына түсу күтуде.

Тақырып бойынша материалдар

«БЖЗҚ» АҚ ШҚОФ «Ашық есік күнін» өткізді
15:00, 25 маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ ШҚОФ «Ашық есік күнін» өткізді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар