ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Украин мәдениеті фестивалі

14:21, 7 қазан 2019

Облыстағы Достық үйлері жұмысының тиімділігі – оның этномәдени бірлестіктермен тікелей байланыста жұмыс істеуі. Бұл - көпұлтты ортаның бір арнада тоғысуына себепкер. Мәселен, Өскемен іргесіндегі Глубокое ауданында қазіргі таңда 38 ұлттың өкілі тату-тәтті тұрады. Соның ішінде украин халқының үлесі - 1054 адам. Дәстүрлі фестиваль осындағы этностың салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеуге негізделіп келеді. Тақырыпты тілшіміз Мирас Құмарғалиев сабақтайды. «Рухани жаңғыру» ұлттық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Уварово ауылында  украин мәдениеті фестивалі болып өтті. Өнер додасына барлығы 14 ұжым қатысты. Облыстағы украин жұрты тарихи Отанымен байланысын үзген емес. Ана тілін үйренуге, ұмытылған ұлттық салт-дәстүрін жаңғыртуға екіжақты қарым-қатынас өз септігін тигізіп келеді. Төл мәдениетіне арналған дәстүрлі фестивальға қатысқан Курчатов, Риддер, Өскемен қалаларындағы украин ұлты өкілдері бар өнерлерін ортаға салды. Фестиваль қорытындысы бойынша  1-орынды Прапорщиково ауылы иеленсе, 2-орында Белоусовка мен Секисовка ауылдары,  ал 3-орынға Кожохово, Прогресс ауылдары мен Риддер қаласы  лайық деп танылды. Шара соңында шығармашылық ұжымдар алғыс хаттармен және естелiк сыйлықтармен марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар