ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫ

21:31, 12 наурыз 2019

3,5 пайыз өсім жақсы көрсеткіш. Дей тұрғанмен, өнеркәсіп, құрылыс салаларындағы көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Сол себепті, жауапты органдар мен әкімдіктер бірлесе жұмыс істеп, оң нәтижеге ұмтылуы керек. Бұл Премьер Асқар Маминнің пәрмені. «Әлеуметтік қамқорлық». Бұл «Нұр Отан» партиясының 18-ші съезінде Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен жаңа бағдарламаның атауы. Бүгін, осы бағдарламаға бюджеттен 444 млрд теңге бөлінетіні белгілі болды. «Қазақстанды саяхаттауға қолайлы 50 елдің қатарына енеді». Осылай деген мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «туристік сала бойына қан жүгіртетін 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны таныстырды. Оған сай, туризм саласы ел экономикасын алға сүйрейтін эшелонға айналуы тиіс. Жеті жыл ішінде салаға 2 трлн. теңге инвестиция тарту көзделген. Сонымен қоса, 200 мың адам жұмысты болмақ. Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейінгі алқапты жайлаған қазақ даласында демалатын жер аз емес. Сулы, нулы, ауасы таза таулы өлкелер көп бізде. Әйтпесе, Таңбалы тас, Алтын Емел, Бетбақ даланың өзі экотуризм үшін таптырмайтын жер емес пе?! Тіпті Астананың іргесіндегі Қорғалжың қорығында да экотуризмді дамытуға болады. Бірақ сол баяғы сервис пен инфрақұрылым құрғырың құртып тұр бәрін. Ең бергісі дені дұрыс дәретхана да дайын емес. Ресми дерек елімізде ерекше қорғалатын 100-ден астам жер барын айтады. Оның 12-сі ұлттық парк, 10-ы қорық. Әрі демалушыларға арналған басқа да 1700-ден астам нысан тағы бар. Ал, ендігі міндет сол жерге келіп-кетем деушілерге жағдай жасап, саяхатшының көңілін аулау.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар